Жаңалықтар

Бейбіт митингке жиналғандардың талабы: «Несие кешірілсін!»

Бейбіт митингке жиналғандардың талабы: «Несие кешірілсін!»

 width= Несие кешірілсін, жер шет елдіктерге жалға берілмесін, Қытай экспансиясына жол жоқ! Демалыс күні еліміздің төрт қаласында ұйымдастырылған бейбіт митингке жиналғандардың талабы осындай болды. Наразылық шаралары алғаш рет ресми түрде қабылданған заң аясында өтті. Оларға қатысушылар ғана емес , жергілікті әкімдіктер де тыңғылықты дайындалған екен. Тараптардың бірі талаптарын плакатқа түсірсе, екіншілері асфальтқа сызыпты. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Алматы әкімдігі бейбіт митинг өткізуге деп Шоқан Уәлиханов атындағы алаңды белгілеген. Ол жерге жиналатындар әлеуметтік ара қашықтықты сақтасын деген нетпен алдын-ала коммуналды қызмет өкілдерін жіберіп, асфальт үстіне тиісті сызба да түсіріпті. Таң атпастан бұл аудандағы жолдар жабылып, дәрігерлер мен өзге де шұғыл қызмет өкілдері кезекшілік атқарды. Жиналғандардың дене қызуы тексеріліп, керек болса тегін бетперде таратылды. Митинге қатысушылардың міндеті- карантиндік талаптарды сақтап, алдын ала келісілген тақырыптардан ауытқымау еді. Алматылықтар "жер шет елдіктерге жалға берілмесін", "жемқорлар жазалансын", "Қытай экспансиясына жол жоқ" деп ұрандатса, қалған үш қалада өткен митингке жиналғандар көбіне әлеуметтік талаптар қойды. Қарағанды, Семей, Ақтөбе облыстарының тұрғындары "несие кешірілсін", "банктердің пайыздық ставкасы төмендетілсін", "көпбалалы отбасыларға жағдай жасалсын" деп ұрандатып жатты. Қазбек МАЙГЕЛЬДИНОВ   Саясаттанушы:
 «Беталды несие ала берудің нәтижесінде халық тарапынан несиенің тарап кетуі көбейеді де мемлекет мәжбүр болады осыған баруға. Қазіргі таңда тұрғындардың әлеуметтік жағдайының ушығуына байланысты тұрғындардың басты мәселесі - несие алуға мәжбүр болғасын осы мәселені көтерген болуы мүмкін».
Наразылық шаралары өткен төрт қала әкімдіктерінің мәліметінше, еш жерде ауыз толтырып айтарлықтай заңбұзушылық тіркелмеген. Естеріңізге салсақ, бейбіт митинг өткізу туралы Заңға биыл мамырдың соңына Президет Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған болатын.