Ата-аналардың өтінішімен 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады
Ата-аналардың өтінішімен 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады

«Бірінші сыныптар арасында үш сынып бірдей ашылып отыр. Әр сыныпта 13 оқушыдан бар. Ал төртінші сыныптардан бір топ құрылып отыр. 2 сынып қазір 15 баладан отыр».Ертеңнен бастап 3 және 4 сынып оқушылары да партада отырып оқитын болды. Қалалық білім басқармасының мәліметі бойынша 1200 ата-анадан өтініш түскен. Бірақ арыз жазғандардың бәріне мектеп есігі ашық деген сөз емес. Әуелі білім мекемесінің санитарлық талаптарға сай екені анықталып, рұқсат берілуі тиіс. Содан соң ғана мекеме тарыдай болса да, талабы таудай балақайларды қабылдай алады. Айгүл ЕСЕМБЕРДИЕВА, оқушының анасы:
«Жұмыстан қиындық туды. Біз таңертең баланы әкеп тастап жұмысқа қайта береміз. Сосын таңертеңнен бала үйде жалғыз қалып жатты да. Және оның сабағына қарайтын ешкім болмады».