Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
15 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ата-аналардың өтінішімен 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады

Ата-аналардың өтінішімен 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады

Ата-аналардың өтінішімен 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады
ашық дереккөзі
 width= Алматыда ертеңнен бастап 3-4 сынып оқушылары мектепке бара алады. Қаланың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес ата-аналардың өтініші бойынша кезекші сыныптар ашуға рұқсат берілген. Қала мектептерінде мұндай кластар 8 қыркүйекте ашыла бастаған. Бүгінде бірінші сыныптың 3300, 2 сыныптың 686 оқушысы кезекші топтарда білім алуда. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Сандуғаш БИЖАНОВА, №175 мектеп-гимназия директорының орынбасары:
«Бірінші сыныптар арасында үш сынып бірдей ашылып отыр. Әр сыныпта 13 оқушыдан бар. Ал төртінші сыныптардан бір топ құрылып отыр. 2 сынып қазір 15 баладан отыр».
Ертеңнен бастап 3 және 4 сынып оқушылары да партада отырып оқитын болды. Қалалық білім басқармасының мәліметі бойынша 1200 ата-анадан өтініш түскен. Бірақ арыз жазғандардың бәріне мектеп есігі ашық деген сөз емес. Әуелі білім мекемесінің санитарлық талаптарға сай екені анықталып, рұқсат берілуі тиіс. Содан соң ғана мекеме тарыдай болса да, талабы таудай балақайларды қабылдай алады. Айгүл ЕСЕМБЕРДИЕВА, оқушының анасы:
«Жұмыстан қиындық туды. Біз таңертең баланы әкеп тастап жұмысқа қайта береміз. Сосын таңертеңнен бала үйде жалғыз қалып жатты да. Және оның сабағына қарайтын ешкім болмады».