2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған азамат 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды
2 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған азамат 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

«Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында өзіне тиесілі компания арқылы салықтан жалтару үшін, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге сауда-саттық жасалды делінген жалған шот-фактуралар жасаған», - деп хабарлады ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырушы ҚР ҚК 216-бабының 3-бөліміне сәйкес (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекет жасау) кінәлі деп танылды. Айыпталушы 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азаматқа экономикалық қызмет саласында басшылық қызметпен 10 жылға дейін айналысуына шектеу қойылды.