Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті, Алматы қаласының екінші деңгейлі банктерінен қаржыны заңсыз жолмен қолма-қол ақшаға айналдыру деректерінің деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
Биыл департамент 63 қылмысты әшкереледі. Оның ішінде ұйымдасқан қымыстық топ құру арқылы қандай да бір қызмет атқармайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есепшоты арқылы екінші деңгейлі банктерден қаражатты заңсыз қолма-қолға ақшаға айналдырудың 2 фактісін анықтаған.
«Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғыны 2016-2019 жылдар аралығында өзіне тиесілі компания арқылы салықтан жалтару үшін, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге сауда-саттық жасалды делінген жалған шот-фактуралар жасаған», - деп хабарлады ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен қылмыстық іс-әрекетті ұйымдастырушы ҚР ҚК 216-бабының 3-бөліміне сәйкес (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекет жасау) кінәлі деп танылды.
Айыпталушы 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азаматқа экономикалық қызмет саласында басшылық қызметпен 10 жылға дейін айналысуына шектеу қойылды.