Жаңалықтар

Екі санитар жазаға тартылды: психикалық ауруға шалдыққан балаларды азаптаған

Екі санитар жазаға тартылды: психикалық ауруға шалдыққан балаларды азаптаған

 width= Павлодардың психоневрологиялық орталығында қызмет еткен екі санитар әйел сотталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап. Олар түсте ұйықтайтын уақыт кезінде психикалық ауруға шалдыққан балаларды төсекке байлап тастаған. Бұл 2020 жылы бейнебақылау камерасындағы видеоны тексеру кезінде анықталды. Сот жабық режимде өтті. Балаларды азаптауға қатысты фактілерге сәйкес 16 қылмыстық іс қозғалған. Тоғыз іс әлі қаралып жатыр. Сот процесі кезінде әйелдер тергеумен келісімге келіп, кінәсін мойындаған. Олар үш жарым жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін бес санитар сотталған болатын.