ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды

19 Ақпан, 2019 2262 0

Алексей Цой ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы primeminister хабарлайды.  

Цой А.В. 1977 жылы 2 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген.  

Sels College (Лондон), Қазақ мемлекеттік медицина академиясының асперантурасын, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын, «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес  институтын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының  корпоративтік басқару жоғары мектебін және Халықаралық бизнес академиясын   бітірді. Қалпына келтіру  хирургиясы  және трансплантология орталығының хирург-эндоскописті, ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК  Ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері, «Еуразия респираторлық қоғамы» ҚБ Бас хатшысы, ҚР Президенті Іс басқармасының  «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК директоры, «ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы» ММ бастығы, Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  вице-министрі қызметтерін атқарды. Стэндфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда, Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және т.б. тағылымдамадан өткен. PHD, DBA.


Тегтер: денсаулық, вице-министр, лауазым, медицина, хируруг

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.