Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Коронавирус өлімі көбейіп, қайта карантин енгізілуі мүмкін: Бүгін басқа қандай оқиға болды?

Коронавирус өлімі көбейіп, қайта карантин енгізілуі мүмкін: Бүгін басқа қандай оқиға болды?

Коронавирус өлімі көбейіп, қайта карантин енгізілуі мүмкін: Бүгін басқа қандай оқиға болды?
ашық дереккөзі
 width= 8 қыркүйек күніне арналған маңызды жаңалықтарға шолуды Newsroom+Ақпарат агенттігі назарларыңызға ұсынады. Ақтөбеде отбасылық жанжалдан кейін анасы мен ұлы қайтыс болды  width= Ақтөбе облысындағы ауылдардың бірінде анасы мен ұлы өзіне қол салды. Алдын ала болжам бойынша 1957 жастағы зейнеткер отбасылық жанжалдан кейін суицидке барды. Мұны естіген 28 жастағы ұлы да өмірмен қош айтысты. «Диапазон» газеті трагедия 12 қыркүйек күні сағат 23.00-де болғанын жазды. Үйде қайтыс болған әйелдің күйеуі мен туыстары болған. Жергілікті әкімдікте отбасы полиция есебінде тұрмағанын айтты. Қайтыс болған ер адам айырылысқан, жақында үйленбек болған. Ол мұнай компаниясында жұмыс істеген. Ал 64 жастағы әйелдің артында күйеуі мен қызы қалды. Қызы Ақтөбе қаласында тұрады. Қырғызстан Ресейге қосыла ма: мәселе талқыланып жатыр  width= Қырғызстанда Ресей құрамына кіру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы видеосұхбат кезінде Мәскеудегі қырғыз диаспорасының төрағасы, Қырғызстанның Ресейдегі экс-елшісі Райымқұл Аттакуров «Правда.ру» порталына мәлімдеді. «Тарихи тағдырымыз бізге бірге болуды жазған. Ғасырлар бойы біз біргеміз. Біздің ортақ тарихымыз бар және болашағымыз да ұзақ болады деп үміттенеміз. Қазір көптеген қырғыздың Ресей Федерациясына республикалардың бірі ретінде қосылуға ұсыныс жасау туралы ойы бар», – деді Аттакуров. Қырғызстанда мұндай әңгімелер шынымен бар ма деген сұраққа бұрынғы елші: «Иә, Қырғызстанда бұл бар» деп жауап берді. «Бұл жерде диаспоралық жұртшылық арасында да осындай мәселе туындайды және талқыланады. Әрине, мұны дереу және жылдам іске асыруға болмайды. Бірақ, менің ойымша, бұған бару керек, өйткені өмірдің өзі бізді бірлікке итермелеп тұр», – деді ол. Сондай-ақ Аттакуров «Қырғызстан – бұрынғы КСРО республикаларының арасындағы орыс тілі мемлекеттік, конституциялық тіл мәртебесіне ие жалғыз ел» екенін атап өтті. «Мұны халықтың өзі қолдап отыр. Әрине, біздің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуымыз көптеген бағытқа оң әсер етеді», – деді Ресей Президенті жанындағы Ұлтаралық қатынастар жөніндегі комиссияның сарапшысы. 20 қыркүйектен бастап карантин қатаңдайды: бас санитар пікір білдірді  width= Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен бастап карантин енгізілетіні туралы ақпаратқа пікір білдірді. Әлеуметтік желілерде 20 қыркүйектен бастап қайтадан карантин еңгізілетіндігі туралы қауесет тараған болатын. «Карантин бізде қазірде де бар. Бүгінде карантинді күшейту болжанып отырған жоқ. Алдағы уақытта барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Біз күн сайын жалпы ел бойынша ғана емес, әрбір өңірде, елді мекендердегі жағдайға мониторинг жүргіземіз», – деді бас санитар. Есмағамбетова халыққа тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады. Шығыны аз кәсіп: кір сабын өндіріп, күніне 350 мың теңге табыс тауып отыр  width= Жетісай қаласының тұрғыны Эльмира Жалтеева 505 мың теңге көлемінде қайтарымыз мемлекеттік грант жеңіп, кір сабын өндірісін қолға алған. Небәрі құрылғанына 1 жыл толған «Эльмира» жеке кәсіпкерлігі бүгінде тәулігіне орта есеппен 1 тонна, яғни 5000 дана сабын дайындайды. Сұраныс артқан кезде 10 мың данаға дейін ұлғаяды. Әр сабынды 70-80 теңгеден саудалап, күніне 350 мың теңгенің өнімін өндіреді. Отбасылық кәсіпті 2 адам дөңгелетіп отыр. Аталған кәсіптің шығыны аз, өйткені қолданылған тоң май сатып алып, қайнатады. Кір сабын дайындау үшін бар керегі – тоң май мен сода. Негізгі тұтынушылар Жетісай ауданының тұрғындары. Өнімнің сапасы жоғары, әрі табиғи таза. Алдағы уақытта сұраныс артып, өнім өзге облыстарға жөнелтілетін болса, кәсіп иесі цехті үлкейтіп, қосымша жұмыс орындарын ашпақ. Айта кетерлігі, 2020 жылы Жетісай ауданы бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 559 адам мемлекеттік грант алып, оларға кәсібін ашу үшін 309 млн теңге қаржы берілген. Бас санитар дәрігер мектептерде аралас білім беру жүйесін ұсынып отыр  width= Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова дәстүрлі білім беру форматын қайтару туралы айтты. Әзірше, мамандар бірінші тоқсанда қашықтан білім беру форматын сақтауға кеңес беріп отыр. Осы уақыттың ішінде олар эпидемиологиялық жағдайды бақылап, кезекші сыныптарда аурудың бар-жоғын зерделейді. Соның негізінде тиісті шешімдер қабылданады. Білім және ғылым министрлігінің ұсыныстары да ескеріледі. «Мәселен, аралас білім беру бар. Ондайда оқушылар алдымен екі күн мектепте, одан кейін екі күн қашықтан оқиды. Сосын мектепті біртіндеп толтыру шаралары бар. Осылайша, эпидемиологиялық жағдайға қарай оқушылар кезең-кезеңмен дәстүрлі оқуға қайтарылады. Біз эпидемиологиялық жағдайды күн сайын қадағалап отырамыз. Дегенмен, мектептегі оқуды қалпына келтіруге қатысты жоспар бар», – деді Есмағамбетова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында. Осы орайда бас санитар қашықтан оқыту форматын енгізудің басты себебін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде нақты талаптар болса да, соның бәрін бастауыш сынып оқушыларына орындату оңай емес. Себебі кішкентай балаларды бір жерде ұстау қиын. Олар бетпердені үнемі тағып жүрмейді. Арақашықтық та көп жағдайда сақталмайды. Сол себепті вирусты жұқтыру қаупі жоғары болады. «Мектепте адам көп. Ауру жұқтырған бір баламен араласқандардың бәрін карантинге жіберуге тура келеді. Сосын ол бала дәлізге шықты ма, жоқ па, басқа балалармен араласты ма, бұның бәрін анықтау оңай емес. Былайша айтқанда, қауіп жоғары. Біз Еуропадағы жағдайды да қадағалап отырмыз. Мектептер ашылған жерде ауруды жұқтыру жағдайлары тіркеліп жатыр», – деп атап көрсетті Есмағамбетова. ДДҰ күзде коронавирустан өлім-жітім көрсеткіші көбейетінін айтты  width= Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы бюросының директоры Ханс Клюге күзде Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім саны көбейетінін мәлімдеді. «Жағдай күрделене түседі. Қазан-қараша айларында біз өлімнің көбеюін болжаймыз», – деді Клуге. Мұның алдында ДДҰ коронавирус жұқтырғандар санының рекорд орнатқанын мәлімдеген болатын – әлемде күніне 307,9 мың науқас тіркелген еді. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионнан асты.