Бекшин: Күзде вирустың қауіпті төрт штаммы тарайды

Бекшин: Күзде вирустың қауіпті төрт штаммы тарайды

ашық дереккөзі

 width= Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күзгі-қысқы кезеңде вирустың қандай штаммдары белсенді болатынын айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, алдағы күзгі-қысқы маусымда вирустың төрт штаммы солтүстік жарты шарда белсенді болады – 2 типті А - Гуангдонг (Гуангдонг) және Hong Kong (Гон Конг), сондай-ақ 2 типті B - Вашингтон (Вашингтон) және Hong Kong (Пхукет), олар ДДҰ болжамы бойынша алдағы маусымда тұмауға қарсы үш және төрт валентті вакциналардың құрамына кірді", - деді Жандарбек Бекшин.
Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 855-ке жетті. Ал әлем бойынша, ДДҰ мәліметінше, вирус жұқтырғандар саны 28,9 миллионға жетті.

Жүктелуде...