Михаил Кукушкин Марсель турнирінің екінші айналымына шықты

19 Ақпан, 2019 680 0

Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Михаил Кукушкин Марсель (Франция) турнирінің алғашқы айналымында америкалық Денис Кудламен кездесті, деп хабарлайды newsroom.kz. 

Жүлде қоры 668 485 еуроға бағаланған турнирде қазақстандық теннисші дүниежүзілік рейтингте 61-сатыдағы қарсыласын екі сетте ұтты.  

Қос партия да 6:3 есебімен аяқталды.  

Матч барысында М.Кукушкин алты эйспен қатар үш бірдей брейк жасай білді. Қарсыласы бірде-бір брейкке қол жеткізе алған жоқ. 

Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды. 

Қазақстандық теннисші екінші айналымда осы турнирдің 4-ракеткасы болып тіркелген рейтингте 25-сатыдағы канадалық Денис Шаповаловпен кортқа шығып, ширек финал жолдамасын сарапқа салады.  

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің  Дубай турниріндегі қарсыластары белгілі болып, Ю.Путинцева мен З.Диястың алғашқы айналымнан аса алмағанын, М.Кукушкиннің рейтингте үздік елулікке енгенін жазған болатынбыз.   

Дерек көзі : ҚазАқпарат


Тегтер: теннис, турнир, брейк, айналым, ракета, бәсеке, қарсылас

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.