Үйге интернет орнату Білім министрлігінің құзыретіне кірмейді
Үйге интернет орнату Білім министрлігінің құзыретіне кірмейді
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлай сабақ білім беру жүйесіндегі жаңа формат екенін, бұған ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бейімделіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Үйге интернет орнату білім министрлігінің құзыретіне кірмейді. Ешқашанда білім және ғылым министрлігінің алдында баланың үйіне интернет орнату немесе әр балаға компьютер беру деген мақсат тұрған емес. Ешбір елдің білім және ғылым министрлігінің алдында мұндай міндет жоқ», – деді Асхат Аймағамбетов Exclusive бағдарламасына берген сұхбатында.