Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы бюросының директоры Ханс Клюге күзде Еуропада коронавирустан болатын өлім-жітім саны көбейетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жағдай күрделене түседі. Қазан-қараша айларында біз өлімнің көбеюін болжаймыз", - деді Клуге.
Мұның алдында ДДҰ коронавирус жұқтырғандар санының рекорд орнатқанын мәлімдеген болатын - әлемде күніне 307,9 мың науқас тіркелген еді.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионнан асты.