Бүгін праймериздің ең қызық кезеңі саналатын дебаттың алғашқы ашылуы қасиетті Түркістанда, Қ.А.Ясауи кесенесінің аумағында басталды. Бір дәуірлерде ашық аспан астындағы амфитеатрлар күш сайысы өтетін орындар болса, қазір көне шаһарда ой сайыстыратын орталыққа айналды. Даладағы еркін форматтағы дебат үміткерлерлергеде, үміт күткендерге де ерекше шабыт сыйлады. Көсіле сөйлеген шешендерден түбінде шын болмыстағы көсемдер шығуы керек. Біздің күткеніміз осы.
30 қыркүйекке дейін облыста 200-дей дебаттар ұйымдастырылып, оған 1100-ден астам кандидаттар қатысуы керек. Ал бәсекенің ең үлкені 106 қатысуышысы бар Түркістан қаласында жүрері анық. Осы қаладан облыстық мәслихатқа 4 орын белгіленген десек, оған таласушылардың саны 29-ға жеткен.
Түске дейін дебаттың ашылуына арнайы қатысып, үміткер партияластарға сәттілік тіледім. Негізгі талабын түсіндіріп, шеберлік пен шешенділікті ұстамдылықпен ұштастырған үміткердің ұшпаққа шығатынын жеткіздік. Сөз бен ойдың жарысында елдік ұстаныммен қоғамдық маңызды мәселелерді қозғауға барынша мән беру керектігін ұсындық. Ендеше үміткерлердің үздігін алдағы екі аптада анықтайтын боламыз.