Көкшетаулық балконнан демалуға кедергі келтірген құстарды атқан
Көкшетаулық балконнан демалуға кедергі келтірген құстарды атқан
Ақмола полицейлері балконнан құстарды атқан ер адамды жауапқа тартты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
13 қыркүйекте Көкшетау ПБ полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның үйінде балконнан қарумен бірнеше рет оқ атқаны түскен видеоны көрген.
Ақпаратты тексеру барысында анасымен бірге тұратын 40 жастағы Көкшетау тұрғыны анықталып, ұсталды. Мылтық ер адамның 15 жыл бұрын қайтыс болған әкесінен қалған екен.
"13 қыркүйекте сағат 12-де үйде отырған ер адам балконға шығып, үйдің артында балконның астында орналасқан қоқыс жәшігінің үстінде ұшып жүрген шағалаларды атқан, себебі олардың дауысы демалуға кедергі келтірген", - деді полиция өкілдері.
Полицейлер ер адамның іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 1-бөлігінде көзделген "Елді мекендерде атыс, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтады. Тәртіп бұзушы жауапқа тартылып, қаруы тәркіленді, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Полицейлер КСРО өндірген 4,5 миллиметр калибрлі "ИЖ-38" маркалы пневматикалық мылтығын және 48 дана қорғасын оқты тәркіледі.