Хабиб Нурмагомедов ақтөбелікке Toyota Camry автокөлігін табыстады

18 Ақпан, 2019 670 0

Осыдан бірнеше ай бұрын Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов әлеуметтік желіде автокөлік тігіп, оны қазақстандық Сәуле есімді ару ұтып алған еді. Спортшы сыйлықты иесіне табыстады деп хабарлайды newsroom.kz 

Ақтөбелік ару Toyota Camry автокөлігін аман-есен қолына алған сәтіндегі фотосын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті. Нурмагомедовпен суретке түскен Сәуленің қолында көлік кілті бар. 

Желі қолданушылары жеңімпазды құттықтап, түрлі пікір жазып жатыр. 

Суретке 2 мыңға жуық адам лайк басқан. 

Тегтер: ақтөбе, камри, хабиб, көлік, сәуле, жеңімпаз

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.