59 жастағы механизатор картоп жинайтын комбайнның астына түсті
59 жастағы механизатор картоп жинайтын комбайнның астына түсті

"Картоп жинайтын комбайнмен жұмыс істеп жүрген 59 жастағы ер адам абайсызда техниканың астына түсіп кетті", - делінген Павлодар облысы полиция департаментінің хабарламасында.Ер адам түрлі жарақатпен Ақсу қаласының ауруханасына жеткізілді. Бұл факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.