Жаңалықтар

Сау адамды сырқат деп психдиспансерге күштеп жатқызған

Сау адамды сырқат деп психдиспансерге күштеп жатқызған

 width= «Мені жүйке жүйесі ауыратындардың емханасына күштеп жатқызды». Оларға полицейлер де көмектескен көрінеді. Құдайы көршілерінің шағымы шындыққа жанаса ма? Сау аудамды сырқат дегендерге сот қандай шешім шығарды? Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Даудың басы Екібастұзда шыққан. Көршілері 1-ші қабатта тұратын әйелдің әрекетінен әбден мезі болғандарын айтады. Күні-түні маза бермегесін құзырлы органдарға шағымданыпты. "Осының бәрін әдейі істейді немесе есі ауысқан" деп санайды. Гүлмира ЕРМЕКОВА, қала тұрғыны:
«Түнімен маза жоқ, тықылдатып батареяны ма, қабырғаны ма түртіп, қағады. Даусы деген жердің түбінен шыққандай, төртші қабатқа дейін естіледі».
Вера КЛИМОВА, қала тұрғыны: 
«Сөзге тартып көргенбіз, ол маңына жуытпай, айқайлады. Мен емес деуден тайынбады. Сосын біз жүйкесі сыр берген болар деп оайладық».
Көршілерінен шағым түскеннен кейін, 2015 жылдың қаңтарында Гүлмира Жұрқабаеваны полиция бөлімшесіне шақырады. Сол жерде учаскелік полицей Рахметов түсініктеме жазуын сұрайды. Артынша тәртіп саұшылары мәселені басқа жолмен шешіпті. Гүлмира ЖҰРҚАБАЕВА, Жәбірленуші: 
«Учаскелік инспектор жедел жәрдем көлігін шақырды ма, мені күштеп отырғызды, түсінесіз бе?! Көлікке солай мінгізді».
Сол кеткеннен Гүлмира Екібастұздағы психиатриялық емханада 3 ай жатыпты. Дәрігерлер оған сырқатының ауыр екеніне сендіреді. Емханадан шыққасын екі жылдан бері диспансерлік дәрігерлер мен екібастұздық полицейлердің үстінен шағым айтып жүр. Басқарма басшысы Жүсіповтен бастап  барлығы мені мәжбүрлеп емханаға жатқызды деп санайды. Осылайша, бас бостандығын шектегеніне наразы. 20019 жылы баяғы оқиға қайталанады. Гүлмира ЖҰРҚАБАЕВА, жәбірленуші:
 «Сабыров деген учаскелік полицей 22-шағын ауданда жүрген жерімнен көріп, банктен шақырып алды, шағым түсті деді.Сосын күштеп көлікке отырғызды да, психдиспансерге жатқызып тастады».
Жүйке жүйесі ауруларын емдейтін мекемеде тағы 17 күн жатып шығады. Дәрігерлер болса "пациентті палатаға жатқыздық, өйткені ол мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне мұрша бермейтінін, қит етсе полицейлер мен емдеу мекемесінің үстінен шағым жазып, жұмысына кедергі келтіретінін айтқан. Алайда сотта оларға  құзырлы орындарға шағымдануға - әрбір қазақстандықтың құқығы бар екенін, және екі жағдайда да мәжбүрлеп емханаға жатқызу дұрыс еместігін түсіндірген. Манат КАЛИЯНУРОВ, жәбірленушінің адвокаты:
 «Психдиспансер прокуратураға арыз жазып, ескертуі тиіс болатын. Ал олар сотқа арыз түсіреді де, сот менің қорғауымдағы азаматшаны психдиспансерге мәжбүрлеп емдеуге жіберу қажет пе, жоқ па шешім шығаруы тиіс еді».
Дәрігерлер болса өз дегендерінен танатын емес. Протокол бойынша әрекет еттік деп отыр. Мәжбүрлеп тек ауыр науқастарды жатқызады. Ал шешімді консилиум шығаруы тиіс. Виктория ЕФИМОВА, Облыстық психоневрологиялық диспансері бас дәрігерінің орынбасары
«Егер адамның жүйке жүйесі сыр берген болса. Және сырқаты ауыр болса, әрі сырқаттың салдары байқалса, дәрігерлердің консилиумы болады».
Дәрігерлер Жұрқабаева орталыққа келген кезде ашушаң болғанын айтады. Алайда, адвокаты бас бостандығыңнан шектеп, мәжбүрлі түрде емханаға жатқызса, кез-келген адам сондай күйде болар еді дейді. Сот болса жәбірленушіні қолдап, полицейлер мен дәрігерлердің әрекеті бұрыс деген тоқтамға келген. Мәселе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің де назарына ілікті.