20 қыркүйектен бастап карантин қатаңдайды: бас санитар пікір білдірді

20 қыркүйектен бастап карантин қатаңдайды: бас санитар пікір білдірді

ашық дереккөзі

 width= Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 20 қыркүйектен бастап карантин енгізілетіні туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желілерде 20 қыркүйектен бастап қайтадан карантин еңгізілетіндігі туралы қауесет тараған болатын.

"Карантин бізде қазірде де бар. Бүгінде карантинді күшейту болжанып отырған жоқ. Алдағы уақытта барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Біз күн сайын жалпы ел бойынша ғана емес, әрбір өңірде, елді мекендердегі жағдайға мониторинг жүргіземіз", - деді бас санитар.
Есмағамбетова халыққа тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Жүктелуде...