Жаңалықтар

Не өлісін,не тірісін білмейміз: Құлсары тұрғындары наразылық тудырды

Не өлісін,не тірісін білмейміз: Құлсары тұрғындары наразылық тудырды

 width= Атырау облысы Құлсары қаласында 12 қыркүйек күні әкімдіктің алдына 50-ге жуық адам жиналды. Тұрғындар фермер-малшы Нұралы Нұртілеуовтің жоғалып кеткендігін, іздеу шаралары жүріп жатпағанын айтып, наразылық білдірді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі хабарлайды. Наразылық білдіргендердің көбі Нұртілеуовтың туыстары, достары. Олар қолдарына ұстаған плакатқа: "Әділдік орнасын", "Құзырлы органдар жұмыс істесін", "Жылыойдағы бассыздық Елбасына жолдансын", "Қылмыскер табылсын" деген ашулы жазбалары бар. Туыстары фермер Нұралыны кім ұрлап әкеткенін, кім өлтіргенін де ашық айтты. Аудан тұрғындары да әлеуметтік желіде белсенділік танытып, жоғалып кеткен фермерді іздестіруге көмек қолын созуда. Жанұясы мемлекет басшысы Тоқаевқа үндеу тастады: "Міне бүгін өте шықты бір апта, Сіз демеусіз болсаңызда жырақта. Не өлісіз,не тірісіз білмейміз, Бір гәп бар ау деп білемін бұ(л) жақта. Хат жолдаймын әділдік деп патшаға, Мұнда бәрі сатылады ақшаға. Қылмыскерлер тайраңдап жүр Қанша айып мойынына тақсада. Тазалауда шамасы оның былығын, Ол жасаған парақорлық ырымын. Елім деген бір азамат жоғалды Кесірінен қайдағы жоқ ұрының. Патша менің бұл хатымды елесін, Тым құрыса тауып бергін денесін. Өтінемін орнаса екен әділдік, Бұл қылмыскер көздемесін келесін. Осы өлең жолдары арқылы қарапайым бір отбасының жан айқайын Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жеткізгіміз келеді. Президентіміз өзі осы іске араласып, құзырлы органдарға тапсырма берсе дейміз. Елімізде әділдік туы желбіресін! Құзырлы органдар жұмыс жасасын! Жылыойдағы бассыздық Елбасына жолдансын! Барлық Қазақстандықтардан @tokayev_online белгіліп, көптеп таратуларыңызды сұраймыз!"  width=
"Тірі болғанда оралар еді. Оны өлтірді деп ойлаймыз және күдіктінің кім екенін, оған кімдердің көмектескенін білеміз. Ол баяғыдан мал ұрлайды және үнемі жазасыз қалады, құтырып кетті", - дейді туыстары.
 
"Тым болмаса ұлымның денесін тауып берсін. Полиция күдіктімен кездесу ұйымдастырамын деп уәде еткен, бірақ оны көрсетпеді. Ол ұсталған болса, қайда сонда?" - деді анасы.
6 қыркүйекте "Боздақ" шаруашылығының бастығы Нұралы Нұртілеуов жылқыларын іздеп шыққан. Содан кейін оралмаған. Қыстағы Құлсарыдан 100 шақырым жерде орналасқан. Фермердің отбасы 7 қыркүйек күні аудандық әкімдікке жүгінген болатын. Жергілікті тұрғындар, полицейлердің барлығы іздеу процесіне кіріскен. Бірақ мотоцикл табылып, Нұралы Нұртілеуовтың өзі әлі күнге дейін хабар ошарсыз.