Жедел алдын алу іс-шаралары кезіңде 3000-ға жуық ЖЖЕ бұзу фактілері анықталды

18 Ақпан, 2019 2485 0

Шара көлік жүргізушілері арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға бағытталған, деп хабарлайды newsroom.kz Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Астана қаласы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың 14-16 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел алдын  алу іс-шарасын өткізуде. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған бірқатар рейдтік және алдын алу іс-шарасын жүргізуде. Полиция қызметкерлері масаң күйінде көлік құралдарын басқарумен, қарама-қарсы жүріп өту, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің өту ережелерімен байланысты бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге ерекше көңіл бөледі.  

Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 3000-ға жуық ЖЖЕ бұзу фактілері анықталды. Оның ішінде 1800-ден астамы көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын арттыруы бойынша, 90-ға жуығы қауіпсіздік белдіктерін тақпауы бойынша, 60-қа жуығы көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы бойынша, 200-ге жуығы жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша, 10-ға жуығы жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде жүргізуі бойынша және т.б.



Тегтер: көлік, оқиға, жол, құқық, қауіпсіздік, полиция

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.