Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Білім Министрінің жеке өмірі туралы не білесіз?

Білім Министрінің жеке өмірі туралы не білесіз?

Білім Министрінің жеке өмірі туралы не білесіз?
ашық дереккөзі
 width=
13 Қыркүйек - Отбасы күні. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз жеке өмірі туралы facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде Отбасы күні ретінде белгіленген. Осыған орай бүгін еліміздің бас ұстазы өзінің отбасы туралы ақпаратпен бөлісті. Алты жасында әкесінен жетім қалған болашақ министр көпбалалы отбасыда дүниеге келген. Алты ағайынды және аналары өмірдің қиыншылықтарын өткереді. Күйеуінен жесір қалған аналары отағасының ошағын сөндірмей, алты баланы тәрбиелеумен де, жұмыспен де, шаруашылықпен де айналысқан. Өзінен үлкендерге үй шаруашлығына қолқанат болып, жастайынан еңбектің қадірін түсініп өскен Асхат Қанатұлы біршама қиыншылықты басынан өткергенін және бұл ағайын арасындағы ауызбіршілікке, жақыныңды бағалауға үйреткенін тілге тиек еткен.
«Бұл қиын кезеңнің маған үйреткені мол, әсіресе жақындарымның, отбасымның қаншалықты қымбат екенін ұғындырды».
Министрдің өз шаңырағына келетін болсақ, жұбайымен екі баланы өсіруде. Отбасылық институттың құндылығы жоғары екендігін атаған министр, жұмыстан шаршап келгенде отбасының өзіне  қуат беретіндігін жазады.
«Жұмыстан кейін балаларың мен жарың үйде қарсы алғанда барлық қиындықты ұмытасың. Әңгімелесіп, балалармен бірге ойнағаннан шаршағаның басылады, рақаттанып қаласың».
Айта кетейік, Білім министрді 1982 жылы Қарағанды облысының Шет ауданында дүниеге келген. Әлеуметтік желілерде белсенді пайдаланушы ретінде Білім саласы туралы жазып, жаңалықтармен бөлісіп тұрады. Арасында өзінің жеке өміріне қатысты да жазбаларын жариялайды. Бұған дейін министр университетке бірінші жылы түсе алмай, тек бір жылдан кейін ғана түскендігін айтқан еді. ⠀