Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Бүгін - Отбасы күні

Бүгін - Отбасы күні

Бүгін - Отбасы күні
ашық дереккөзі
 width= 2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізді. Өзгерген жарлыққа сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі - Отбасы күні болып бекітілді. Сол жылы 8 қыркүйекте елімізде тұңғыш рет Отбасы күні мерекесі аталып өтті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. «Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді», - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев Отбасы күніне арналған алғашқы құттықтау сөзінде. Дәл осы күні Қазақстанның әр жерінде отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған әртүрлі шаралар ұйымдастырылып, жергілікті атқарушы органдар үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетеді.