Астана және Ақмола облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

17 Ақпан, 2019 2727 0

Астанада және бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Сондай-ақ бірнеше өңірде жолдар жабылды.   

18-20 ақпанда Астанада боран соғып, көктайғақ болады, оңтүстік және оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.  

18-20 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, оңтүстік және оңтүстік-батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Тегтер: көктайғақ, тұман, жел, қыс, қар, аяз

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.