Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов
Facebook-тегі парақшасында білім басқармалары мен бөлімдері басшыларының телефон нөмірін жариялады, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
«Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс. Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды», - дейді министр.
Енді ата-аналар өз өңіріндегі білім басқармасының басшысымен тікелей тілдесе алады.