Өскемен қаласында бөтеннің көлігін айдап кеткен 30 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, патрульдік полицейлер қыркүйек айының басында ұрланған ВАЗ-2114 автокөлігіне ұқсас көлікті тоқтатты.
Тексеру кезінде жүргізуші көлік құралын басқаруға рұқсат беретін құжаттарды көрсете алмаған. Тәртіп сақшылары қосымша тергеу үшін оны полиция бөліміне жеткізді.
«Анықталғандай, ер адам өзі слесарь болып жұмыс істейтін техникалық қызмет көрсету станциясындағы клиенттің көлігін ұрлап кеткен. Аталған көлік Глубокое ауданындағы кәсіпорынның балансында болып шықты», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.