Өзбекстанның Қаржы министрлігі 2020 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша қанша қарызы барын ашық жариялады.
2020 жылдың 1-шілдесі бойынша Өзбекстанның келесідей қарызы бар:
Азия даму банкіне - 3,9 миллиард доллар;
Дүниежүзілік банкке - 3 миллиард доллар;
Қытайдың Эксимбанкіне - 2 миллиард доллар;
Жапонияның халықаралық әріптестік агенттігіне - 1,7 миллиард доллар;
Қытайдың мемлекеттік даму банкіне - 1,3 миллиард доллар;
Халықаралық инвесторларға - 1 миллиард доллар;
Ислам даму банкіне - 0,8 миллиард доллар;
Жапонияның халықаралық әріптестік банкіне - 0,4 миллиард доллар;
Өзге де халықаралық қаржылық институттарға - 3,2 миллиард доллар.
2020 жылдың 1-шілдесіне сәйкес Өзбекстанның жалпы қарызы 19,4 млрд доллар немесе ІЖӨ-нің 34,0% -на тең.
2020 жылы Өзбекстанның қарызы 1,6 млрд долларға артқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға артық.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ