Трамп: Бізде Путин мен Си Цзиньпинде жоқ аса қуатты қару бар!

Трамп: Бізде Путин мен Си Цзиньпинде жоқ аса қуатты қару бар!

ашық дереккөзі

 width= АҚШ президенті Дональд Трамп Мичиган штатындағы жақтастарымен ұйымдастырған митингке барар алдында қысқаша брифинг өткізді. Трамп журналистердің сұрағына жауап берді. Ол АҚШ-тың ядролық қаруы жайлы айтты. «Бізде қуатты, өте қуатты қару бар. Жоқ, ол құпия емес, біз оны жасап жатырмыз. Біз керемет қару жасаудамыз. Біздің әскеріміз дәл қазір өте қуатты. Соңғы үш жылда біз әскерімізге 2,5 трлн доллар қаржы құйдық. Қазір бізде жаңа зымырандар мен оқтұмсықтар бар.  Біздің ядролық қаруымыз аса қуатты дәрежеге жетті. Біз оны қолданатын күн тумасын деп Құдайға сыйынуымыз керек», - деді АҚШ басшысы. Сонымен қатар Трамп Қытай мен Ресейде жоқ қару жайлы да айтты. «Бізде бірде-бір елде жоқ қарулар бар, оны сіздер де білмейсіздер. Білмегендеріңіз дұрыс болар. Бізде таңғаларлық қару жүйелері бар», — деді Трамп. Мичиганда өткен Трампты қолдау митингінде Ақ үй басшысы жақтастарына елдің әскери қуаты жайлы кезекті мәрте баяндады. «Мен бізде ешбір елде жоқ қару жайлы айтқан едім. Ондай қару президент Си мен Путинде жоқ» — деді ол.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жүктелуде...