Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші турында «Ордабасы» мен «Астана» командалары кездесті, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
Екі команда турнир кестесінде қатар келеді. Сондықтан ойынның тартысты өтетіні белгілі еді. Елордалық клуб ойын барысында қарсыластар қақпасына белгіленген екі пенальтиді мүлт жіберген жоқ. Оны 57 және 64-минуттарда Рунар Сигурьонссон шебер орындады.
Оған 70-минутта «Ордабасы» ойыншысы Жоао Пауло бір голмен жауап берді. Кездесуде «Астана» қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде 14 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Көш басында 18 ұпаймен «Қайрат» командасы тұр.
Естеріңізге сала кетелік, кеше аталған турдағы екі ойын өткізілді. Бұл күні «Жетісу» «Оқжетпесті» 1:0 есебімен басым түссе, «Шахтер» мен «Тараз» 1:1 есебін қанағат тұтты . Сондай-ақ, бүгін «Тобыл» мен «Қызылжар», «Қайрат» пен «Қайсар» командалары жасыл алаңға шығады.