Димаш Құдайбергеннің The World's Best таланттар шоуындағы қарсыласы белгілі болды

16 Ақпан, 2019 815 0

Интернет желісіне америкалық телевизиялық The World's Best таланттар шоуының алдағы шығарылымының анонсы жарияланды.
Анонс ролик кадрынан қазақстандық орындаушылар Димаш Құдайберген мен Данэлия Төлешованың шоудағы қарсыластарының кімдер екенін көруге болады. 
Алдағы турда Димаш Құдайберген мен католик монах әйел Кристина өзара мықтыны анықтайды. 
The World's Best бағдарламасының қазақстандық орындаушылардың қатысуымен өтетін екінші шығарылымы 20 ақпанда Астана уақытымен сағат 8.00-де америкалық CBS арнасынан көрсетіледі. 
Еске сала кетсек, конкурстың алғашқы турында Димаш Құдайбергеннің өнерін қазылар 98 ұпайға байғалады.
Димаштың қарсыласы монах әйел Кристина 1988 жылы Италияда дүниеге келген. 2014 жылы The Voice of Italy шоуына қатысып, финалда жеңіске жетті. 
Манами Ито - жапон скрипкашысы. Ол бір қолы жоқ болса да протезбен музыкалық аспапта ойнайды. Ол екі рет Паралимпиадаға қатысқан. Бұдан бөлек ол медбике болып жұмыс істеп, бір қызды тәрбиелеп отыр.

Тегтер: шоу, батл, музыка, анонс, ролик

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.