Шахматшы Бибісара Асаубаева елге оралмақшы

16 Ақпан, 2019 3393 0

Елден екі жыл бұрын кеткен талантты қазақстандық шахматшы ФИДЕ мастері Бибісара Асаубаева Қазақстанның шахмат федерациясына (ҚШФ) оралмақ.  
«7 ақпанда ҚШФ президентіне спортшының менеджері федерацияға оралу туралы өтінішін айтты. Ресей шахмат федерациясы ауысу туралы келісімді растады. ҚШФ өз кезегінде ФИДЕ-ге өтінішті және керек құжаттарды жіберді. Жақын арада халықаралық шахмат федерациясының шешімі қабылданады деп үміттенеміз», - деді ҚШФ атқарушы директоры Ирина Грищенко. 

Еске сала кетсек, 2 жыл бұрын жас шахматшының менеджері Л.Таңжарықова шәкіртінің Ресей шахмат федерациясына ауысуы туралы шешім қабылдаған болатын  

Дерек көзі : Sportskz

Тегтер: шахмат, спорт, федерация, чемпион, жеңімпаз, Асаубаева

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.