weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
12 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістан әуежайы Гинестер кітабына енгізілуі мүмкін

Түркістан әуежайы Гинестер кітабына енгізілуі мүмкін

Түркістан әуежайы Гинестер кітабына енгізілуі мүмкін
ашық дереккөзі
 width= Түркістанда салынып жатқан «Hazret Sultan» әуежайы Гинестер кітабына енгізілуі мүмкін. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің facebook парақшасында айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Әкім орынбасарының айтуынша, әлем бойынша құрылысы жылдам біткен әуежайлардың бірі екен.
«Инвестор әуежай құрылысының әлемде тез салынған нысан ретінде Гинестің рекордтар кітабына енгізу туралы өтініш түсірмекші. Нысан өте жылдам уақытта салынып жатқанымен, Hazret Sultan Airport (HSA) құрылысы сапалы жүргізілуде. Жуырда құрылыстың барысын елордадан келген делегация танысып қайтты. Қонақтарға ұзындығы үш шақырымнан астам, екі шақырымнан асатын ұшу-қону жолағы көрсетілді. Әуежай құрылысын жүргізушілер бұл жерде үлкен ұшақтардың өзі жұмсақ қонады деп уәде беруде. Техникалық ұшырылым осы айдың соңында жүргізіліп, ал толық пайдалануға келесі жылдың қаңтарында берілмек», - деді Сәкен Қалқаманов.