Шолпан Бегалиева: Мұғалім мәртебесінің биік болуы – білімді ұрпақ тәрбиеленіп өсуінің кепілі
Шолпан Бегалиева: Мұғалім мәртебесінің биік болуы – білімді ұрпақ тәрбиеленіп өсуінің кепілі
Еліміздге Nur Otan партиясының ұйымдастыруымен партияішілік праймериз өтеді. Бұл туралы еліміздегі барлық БАҚ жарыса жазып, оның ерекшелігі мен пайдасы туралы ақпарат бере бастады. Осы мәселеге ден қойған кандидаттардың бірі Бегалиева Шолпан Маратқызы.
Түркістан қаласының маслихатына депутат ретінде үміткер ол білім саласында жұмыс істейді.
Шолпан Бегалиева праймеризге қатыса отырып, елдегі қордаланған мәселелерді шешуге және халықтың үмітін ақтауға кірісті. Өзінің бағдарламасында үш бағытты қолға алған. Атап айтқанда, ақысыз қызмет көрсететін балабақшалар санын арттыру, мектеп оқушыларын тегін, сапасы жоғары тамақтармен қамтамасыз ету және білім саласындағы қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды қолға алып отыр. «Мемлекет – сіз бен біздің ортақ құндылығымыз. Ал, саясат халықтың таңдаған жолы. Таңдау дұрыс болғанда ғана алдымыздан даңғыл жол шығады. Баршаңызды сайлауға қатысып, болашақ үшін таңдау жасауға шақырамын!» - дейді үміткер.