ҰҚК Түркістанда төрт ер адамды ұстады

14 Ақпан, 2019 718 0

Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2019 жылғы 14 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ішкі істер органдарының қатысуымен жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Түркістан облысының төрт тұрғыны ұсталды", - делінген хабарламада. Олар терроризмді насихаттады және діни алауыздықты қоздырды деген күдікке ілінген. Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша деструктив бағыттағы қолжазбалар мен электрон нұсқадағы діни әдебиеттер алыныпты. Тергеу жалғасып жатыр.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ukk-turkstanda-tort-er-adamdyi-ustadyi-295609/


Тегтер: ұқк, түркістан, дін, радикал, жаңалықтар, қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.