14 жастағы Жанель арнайы грант ұтып алып, өз ісін дөңгелете бастады, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі «
Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Қазір ол басқа оқушыларды әсіресе көпбалалы отбасылардың балаларын кәсіпке үйретеді. 3 сағатқа созылатын курста жасөспірімдер өзіндеріне қажетті төсек-жабдық пен маска дайындайды. Бүгінге дейін ондаған бала тігін өнерін игерген.
Айта кету керек, курстар тегін жүргізіледі. Жанельдің айтуынша, жаңа кәсіп пен мектептегі оқу бір-біріне кедергі жасамайды. Ол өз болашағын осы саламен байланыстырады.
«Бұл жобаның мақсаты – балалардың өзіне деген сенімін арттыру. Әсіресе карантин кезінде көпбалалы отбасыдан шыққан жеткіншектер ойын сергітсін деген мақсатта осы жобаны қолға алдық», – дейді Жанель.