Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Әншінің өкілі пікір білдірді: Қайрат Нұртас күзетшіге шабуыл жасады ма?

Әншінің өкілі пікір білдірді: Қайрат Нұртас күзетшіге шабуыл жасады ма?

Әншінің өкілі пікір білдірді: Қайрат Нұртас күзетшіге шабуыл жасады ма?
ашық дереккөзі
 width= Қайрат Нұртас Ақтаудағы бесжұлдызды қонақүйдің күзетшісіне шабуыл жасады деген ақпарат тарады. Әншінің өкілі пікір білдірді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін e-gazet.kz басылымы Ақтауда қазақстандық әнші Қайрат Нұртас мас күйде қонақүйдің күзет қызметінің өкіліне шабуыл жасады деген хабар таратты. Қайрат Нұртастың Instagram желісіндегі парақшасына қарағада ол расында Ақтауда отбасымен демалуға барған. Ақтау полициясы Қайрат Нұртастың бұл оқиғаға қатысы бар-жоғын айтпады. Бірақ бұзақылық дерегі бойынша соталды тергеу басталғанын растады.
"Ақтау қаласындағы қонақүйлердің бірінде бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша қалалық полиция басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кінәліге қатысты оның кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті шешім сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады полициядағылар.