Жаңалықтар

Махаббаты "аға" деумен басталған жұлдызды жұптар

Еліміздегі әрбір жұлдызды жұптың махаббат хикаясы бар. Олардың арасында қарым-қатынастарын жасырып қалғысы келгендер де болды. Newsroom.kz тілшісі еліміздегі жұлдызды жұптардың махаббат оқиғаларына шолу жасады. Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева Көптен бері сахна төрінен көрінбей кеткен жұлдызды жұп бір-біріне деген сезімдерін білдіру оңайға түспегенін айтқан. "Шыны керек, танысқан күннен бастап, 6-7 жыл уақыт бойы бір-бірімізге аға-қарындас есебінде қамқоршы болып, қолдан келгенше көмектесіп тұруға тырыстық. Тоқтарды алғашында әріптес әрі ағам есебінде қабылдағанымды жасырмаймын. Кейін сол достық сезімінің ғашықтыққа ұласқанынан көпшілік хабардар", - дейді Бейбіт. Тұңғышбай Жаманқұлов пен Дәрия Жүсіп Актриса Дәрия Жүсіптің айтуынша, ол Тұңғышбай Жаманқұловты үйде "көкем" деп атайды екен. Екеуінің жас айырмашылығы - 24 жас. Отандық басылымдардың біріне берген сұхбатында Дәрияның тұрмысқа шығуын туыстары ауыр қабылдаған көрінеді. "Өнер академиясында оқып жүргенімде ағай бізге 4 жыл сабақ берді. Содан кейін театрда бір-екі жыл әріптес болдық. Бір-бірімізге деген сезіміміз бір-ақ күнде пайда бола салған жоқ. Бірте-бірте, уақыт өте бір-бірімізді тани, араласа келе үлкен сезімдерге ие болдық. Қиындықтар да болмай қалған жоқ", - дейді Дәрия Жүсіп. Айбек Жансейітов (Бүркіт) пен Аиша Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Бүркіт лақап атымен белгілі Айбек Жансейітов пен Аиша. Аишаның Instagram парақшасына қарап оның шын есімі Виктория екенін байқауға болады. Жұлдызды жұптың Зейін мен Омар есімді екі ұлы және Сафия есімді қыздары бар.   Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров Жұлдызды жұп студенттік шақтан бері таныс. Екеуі бір колледжде оқыған. Тіпті жатақханада көрші бөлмелерде тұрған. Олар Жанболат колледж бітірген кезде шаңырақ құрған. Ол кезде Жазира колледждің соңғы курсында оқыған. Жұлдызды жұптың Қазбек есімді ұлдары бар. Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов Жұбайынан едәуір кіші Қарақат Қыдырәлімен студент кезінде бас қосқан. Екеуі үш жыл араласып, төртінші жылға аяқ басқан жылы Көктөбеде үйленуге ұсыныс жасаған. Ол кезде Қарақат консерваторияның соңғы курсында оқып жүрген. Жұлдызды жұптың төрт ұлы және бір қызы бар. Арман Қоңырбаев пен Аша Матай Жұлдызды жұп "Сынақ" бағдарламасында танысқан. Арманның айтуынша, ол жары өнер адамы болады деп елестетпеген. Қазіргі таңда жұлдызды жұптың бір қызы бар. Майя Манеза мен Вячеслав Ершов Майя мен Вячеслав 2008 жылы Қазақстан атынан жарысқа шығып жатқан кезінде танысқан. Спорт жұлдыздарының Арсений есімді ұлдары бар. Қазір екеуі де үлкен спорттан кетіп, жеке кәсіппен айналысып жатыр. "Спорт  болмағанда біз қарапайым өмірде кездеспес те едік. Мені Қазақстан құрамасына шақырған, ал Майяны Қытайдан", - дейді Вячеслав. Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір екеуі 2000 жылдары КВН сахнасында ойнап жүрген кезде кезіктірген. Ол жас домбырашы қызды бірден ұнатып, сезімін досы арқылы жеткізген. 8 ай бойы оның жауабын күтіп, кейіннен бір жарым жыл кездескен. 2003 жылы үйлену тойлары болды. Жұлдызды жұптың үш қызы және екі ұлы бар.