weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елімізде азаматтарға емханаға тіркелуге екі ай уақыт берілді

Елімізде азаматтарға емханаға тіркелуге екі ай уақыт берілді

Елімізде азаматтарға емханаға тіркелуге екі ай уақыт берілді
ашық дереккөзі
 width= 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу науқаны басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. "Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап халықты алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдарға тіркеу науқаны басталады. Науқан екі айға созылады", - деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында. Ведомствоның ресми өкілі қазақстандықтарға емхананы өз үйіне жақын маңнан таңдауға кеңес берді. "Емханалар денсаулық сақтау жүйесіне кірудің "алтын қақпасы" екенін білесіздер. Сондықтан алдағы екі айда азаматтарымыз тұрғылықты жері бойынша емханаларды таңдай алады. Мейлінше үйіңізге жақын жерден таңдауға кеңес береміз. Өйткені медицина қызметкерлеріне емханаға тіркелген науқастарды үнемі қадағалап, тіпті үйіне барып қызмет көрсетуге ыңғайлы болады. Бұл тәжірибе, әсіресе, пандемия жағдайында аса маңызды", - деді ол. Айта кетсек, 15 қыркүйекте Қазақстанда тұмауға қарсы екпе салу науқаны басталады.