Коронавирус жұқтырғандар симптомды және симптомсыз деп бөлінбейтін болды

Коронавирус жұқтырғандар симптомды және симптомсыз деп бөлінбейтін болды

ашық дереккөзі

 width= Елімізде коронавирус жұқтырғандар енді симптомды және симптомсыз тасымалдаушылар деп бөлінбейтін болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

"Тамыздың және қыркүйектің бір бөлігінде біз коронавирус инфекциясының ПТР тесті арқылы симптомсыз және симптомы бар науқастары туралы статистикалық мәліметтерді біріктіргенбіз. Алайда біз бұл бөлімнің аз ғана сарапшыларға және болжамды медициналық есептеулерге қажет екеніне көз жеткіздік. Сондықтан кең аудитория үшін ақпарат көбіне қателіктер жіберуге және осы сандарды өзгертуге мүмкіндік береді, сол себепті біз оларды күнделікті жарияланған ақпаратта бөлуді тоқтаттық", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қоджахметов.
Сонымен қатар ол бұқаралық ақпарат құралдарына осы ақпарат қажет болса, оны кез келген уақытта жазбаша өтініш бойынша бере алатынын айтты. Айта кететін жайт, коронавирус жұқтырғандар ПТР-сараптамасы оң нәтиже көрсеткендер және COVID-19 белгілері бар пневмония анықталған науқастарға бөлінеді.

Жүктелуде...