Депутат жауап берді: Бекболат Тілеухан шетелге қару сатты ма?

Депутат жауап берді: Бекболат Тілеухан шетелге қару сатты ма?

ашық дереккөзі

 width= Бекболат Тілеухан Facebook парақшасында өзін «шетелге қару сатып жүр» деп айыптағандарға жауап берді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Депутаттың айтуына қарағанда, үстінен жала жауып отыр. Сонымен қатар ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деп те айыптаған.

«Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр. Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді», - дейді ол.
https://www.facebook.com/100002904488136/videos/3404182026355247/?extid=UXJzlFc3J3D7r4Js Сондай-ақ Бекболат Тілеухан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігіне видео авторларының үстінен шағым түсірген. «Осыған орай, абырой-беделіме нұқсан келтіретін жалған ақпарат беруші видеодағы тұлғаларды анықтап, тексеріп, олардың жасаған әрекеттері үшін заң алдында қатаң түрде жазалануын сұрап, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ҚР Ішкі істер министрлігіне шағым түсірдім», - дейді депутат. Желідегі видео 10 қыркүйекте әлеуметтік желіде Бекболат Тілеуханның Сирияға қару сатуға қатысы бар екені айтылған әуесқой видео тарап кетті. https://youtu.be/-GoNDEKfi9w Видеода қолға түскен азамат көлік ішінде отырып техника шығаруға және оны сатуға қатысы бар адамдардың атын атайды.
"Қазанда Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірге бір іс бастадым. Ерқанат Құсайынов астанада департаментте жұмыс істейді. Біз техниканы шығардық, тағы бір әскери адам бар. Мен ақша салып, әскери адамнан техника сатып аламын. Ерқанат та ақша салды", - дейді ол азамат.
Сонымен қатар ол азамат бұл іске Бекболат Тілеуханның да қатысы бар екенін айтады.

Жүктелуде...