Алматы билігі митинг өткізуге рұқсат берді

Алматы билігі митинг өткізуге рұқсат берді

ашық дереккөзі

 width= Алматыда 13 қыркүйек, жексенбі күні әкімдікпен келісілген митинг өтеді. Белсенділер кредиттік амнистия мен жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салуды талап етеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. Ұйымдастырушылардың ақпаратынша, митинг 13 қыркүйекте Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы сквердің алаңында өтеді. Бейбіт жиналыс 11.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады. Митингті тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясының жақтастары мен азаматтық белсенділер ұйымдастырады. Митинг Алматы әкімдігімен келісілді. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің жауабында айтылған. Құжаттың суретін құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-тегі парақшасында жариялады. Ұйымдастырушылар қатысушылардан санитарлық талаптарды қатаң сақтауды сұрап отыр. Бейбіт жиналысқа кез келген адам қатыса алатыны хабарланды. Шілде айының ортасында Алматыда жануарларды қорғау туралы бейбіт жиналыс жоспарланған еді, алайда пандемияға байланысты өтпей қалды.

Жүктелуде...