Коронавирус індетін емдеудің жаңа әдісі пайда болды
Коронавирус індетін емдеудің жаңа әдісі пайда болды

"Емдеудің бұл әдісі Комидегі республикалық ауруханада сынақтан өтті. Бізде 50 науқас болды. Олардың барлығы аман қалды. Науқастар коронавирустың ауыр түрімен ауырған еді. Тек бір науқасты жасанды тыныс алдыру аппаратына қостық. Сыктывкардағы республикалық ауруханада жүргізілген зерттеу да оң нәтижесін берді", - деді Валерий Черешнев РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.УрО РҒА Иммунология және физиология институтының ғылыми жетекшісі жасанды тыныс алдыру аппараты ағзаға өте ауыр салмақ түсіретінін атап өтті. Ғалымның айтуынша, микробиологтар ингаляция үшін қолданылатын аппараттарды әлі же жетілдіру керек деген шешімге келген.