Коронавирус індетін емдеудің жаңа әдісі пайда болды

Коронавирус індетін емдеудің жаңа әдісі пайда болды

ашық дереккөзі

 width= COVID-19 жұқтырған науқастарды жасанды тыныс алдыру аппаратынсыз емдеудің жаңа әдісі табылды. Бұл туралы Ресей иммунологтары ғылыми қоғамының президенті Валерий Черешнев айтты, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ғалымның айтуынша, коронавирус жұқтырған 50 науқастың тек біреуіне гелий-оттегі қоспасы ингаляциясынан кейін жасанды тыныс алдыру аппараты керек.

"Емдеудің бұл әдісі Комидегі республикалық ауруханада сынақтан өтті. Бізде 50 науқас болды. Олардың барлығы аман қалды. Науқастар коронавирустың ауыр түрімен ауырған еді. Тек бір науқасты жасанды тыныс алдыру аппаратына қостық. Сыктывкардағы республикалық ауруханада жүргізілген зерттеу да оң нәтижесін берді", - деді Валерий Черешнев РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
УрО РҒА Иммунология және физиология институтының ғылыми жетекшісі жасанды тыныс алдыру аппараты ағзаға өте ауыр салмақ түсіретінін атап өтті. Ғалымның айтуынша, микробиологтар ингаляция үшін қолданылатын аппараттарды әлі же жетілдіру керек деген шешімге келген.

Жүктелуде...