Сауд Арабиясының астанасына жойқын шабуыл жасалды
Сауд Арабиясының астанасына жойқын шабуыл жасалды
Иранның қолдауына ие Йеменнің «Ансар Алла» тобы Сауд Арабиясының астанасын зымыранмен атқылап, «маңызды нысанның көзін» жойған.
Сонымен қатар Эр-Риядқа өзіндік ұшатын аппараттармен де шабуыл жасалған. Бұл туралы «Әль-Джазира» басылымы жазады.
«Ансар Алла» ұйымының өкілі Яхья Саридің айтуы бойынша, Сауд Арабиясына зымырандар және өзіндік ұшатын «Samad-3» аппараттарымен соққы жасалған. Оның айтуы бойынша шабуыл жойқын болып, маңызды нысанның көзі жойылған. Алайда қандай нысан екені айтылмаған.
Бұл Сауд Арабиясының астанасына жасалған бірінші шабуыл емес. Соңғы шабуыл шілде айында жасалған болатын.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ