weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Сауд Арабиясының астанасына жойқын шабуыл жасалды

Сауд Арабиясының астанасына жойқын шабуыл жасалды

Сауд Арабиясының астанасына жойқын шабуыл жасалды
ашық дереккөзі
 width= Иранның қолдауына ие Йеменнің «Ансар Алла» тобы Сауд Арабиясының астанасын зымыранмен атқылап, «маңызды нысанның көзін» жойған. Сонымен қатар Эр-Риядқа өзіндік ұшатын аппараттармен де шабуыл жасалған. Бұл туралы «Әль-Джазира» басылымы жазады. «Ансар Алла» ұйымының өкілі Яхья Саридің айтуы бойынша, Сауд Арабиясына зымырандар және өзіндік ұшатын «Samad-3» аппараттарымен соққы жасалған. Оның айтуы бойынша шабуыл жойқын болып, маңызды нысанның көзі жойылған. Алайда қандай нысан екені айтылмаған. Бұл Сауд Арабиясының астанасына жасалған бірінші шабуыл емес. Соңғы шабуыл шілде айында жасалған болатын.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ