АҚШ Қытай студенттерін елге кіргізбейтін болды
АҚШ Қытай студенттерін елге кіргізбейтін болды
АҚШ Қытайдың 1 мың азаматының визасының күшін жойды. 9-қыркүйекте Reuters агенттігі хабарлағандай бұл 8-қыркүйекке тиесілі статистика. Визалардың күшін жою ең алдымен студенттерге қатысты. АҚШ билігі оларды Қытайдың әскери қызметтеріне қатысы бар деп санайды.
«Біз Қытайдың коммунистік көзқарасын қолдамайтын ғалымдар мен студенттерді қабылдауды жалғастырамыз», — дейді АҚШ билігі.Мамыр айында АҚШ басшысы Дональд Трамп Қытайдан ғалымдар мен студенттерді кіргізуді шектеу туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ