Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
11 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тағы да Zoom: онлайн сабақ кезінде белгісіз біреу балағат сөздер айтқан

Тағы да Zoom: онлайн сабақ кезінде белгісіз біреу балағат сөздер айтқан

Тағы да Zoom: онлайн сабақ кезінде белгісіз біреу балағат сөздер айтқан
ашық дереккөзі
 width= Ақтөбеде белгісіз біреу онлайн сабақ кезінде балағат сөздер айтқан, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі "Ақтөбе Таймс"сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы әлеуметтік желілерде оқушылардың ата-аналары айтты.
"Zoom басқа да оқу қосымшалары сияқты кибершабуылдарға ұшырайды. Өкінішке қарай, біз де бұған тап болдық. Ақтөбе қаласы, .... мектеп, 6-сынып. Хат алмасу кезінде балаларға сұмдық хабарламалар жазатын түсініксіз адам пайда болды. Неліктен осы қосымшалар бойынша оқу жалғасып жатыр? Неліктен біздің балалар қорғалмаған? Бала психологиялық зардап шегуі мүмкін немесе қорқып қалуы мүмкін! Оқыту әдістерін қайта қарауды сұраймыз!", - делінген хатта.
Қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлназ Мырзағалиева бұл жағдайдың №17 мектепте болғанын айтты.
"Бұл математика сабағында болды. ZOOM-конференция кезінде бөтен адамн оқушы ретінде конференцияға кіріп, балағат сөздер айта бастады. Мұғалім ол адамды конференциядан өшірді, бірақ ол тағы да басқа атпен конференцияға кірді. Әзірше оның кім болғаны белгісіз. Сондықтан мән-жайды анықтау үшін іс полиция департаментіне жіберілді", - деп түсіндірді ол.