Түркия билігі Гүленге қатысы бар деген мыңнан аса адамды қамауға шешім шығарды

12 Ақпан, 2019 697 0

Түркия билігі АҚШ-та тұратын діни қайраткер Фетхулла Гүленнің қозғалысымен байланысы бар деген күдікпен бір мыңнан астам адамды тұтқындауға шешім шығарған. CNN Turk телеарнасының дерегінше, күдікке ілінгендердің көбі Анкарада тұрады, бірақ елдегі 76 провинциясының барлығында полиция операциясы жүргізілген деп жазады Азаттық.

2016 жылы шілдеде Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғандардың әрекеті сәтсіздікке ұшырағаннан кейін елде 80 мыңнан астам адам тұтқындалып, 150 мың мемлекеттік қызметкер мен әскерилер жұмысынан айырылған. Президент Режеп Ердоғанды сынаушылар билік іске аспай қалған бүлікті өзге пікірдегі адамдарды басып-жаншу үшін сылтау етіп пайдаланды дейді.

1999 жылдан бері АҚШ-та тұратын Фетхулла Гүлен 2013 жылға дейін Режеп Ердоғанмен жақын байланыста болған, кейін екеуі араздасып қалған. Түркия билігі Гүленді 2016 жылы әскери төңкеріс жасамақшы болды деп айыптап, АҚШ-тан оны беруді бірнеше рет талап еткен.

Фетхулла Гүлен бүлікке еш қатысы жоғын айтып, Анкараның таққан айыптарын жоққа шығарады.

Тегтер: Эрдоган, Гюлен, Түркия, жаза

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.