Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі АҚШ-тың Аризона мемлекеттік университетінен арнайы өкілдер келді. Тараптар қос дипломмен білім алу бағдарламасы, академиялық мобильділік, профессор оқытушылар құрамының аталған университетте іс- тәжірибеден өтуі сынды бірнеше ортақ жобаны талқыға салды, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
«Алдағы уақытта Қазақстанда, соның ішінде Шымкентте біздің университеттің өкілдігін ашу ойымызда бар» - дейді Аризона мемлекеттік университетінің кеңесшісі Нью Ли Холман.
Қазір бұл іс жан-жақты талқыланып жатыр. Сондай-ақ шетелдіктер Шымшаһарда студенттерге арнап кампус салуды жоспарлап отыр. Онда тәлімгерлер білім алып қана қоймай, жатақхана ретінде де оны пайдалана алады. Меймандарға жоғары оқу орнының оқу базасы таныстырылды. Университет ішіндегі «Мұхтартану» орталығы мен тарихтан сыр шертетін мұражайға бас сұққан қонақтар ондағы жәдігерлерге таңданысын жасырмады. «Білім мен ғылым саласында халықаралық қатынасты жандандыру - басты бағытымыз» - дейді университет ректоры Дария Қожамжарова.
Дария ҚОЖАМЖАРОВА, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры: -Қазіргі таңда университет өзіміздің міндет мақсаттарымызды жалпы кәсіпкерлік университетке баулу дағдысына көшіп отырмыз. Осыған байланысты біз университетте магистрант доктаранттарды таза тілге оқытуға және кәсіпкерлікке баулу үшін ұзақ уақыттан бері осы Аризон университетімен екі жақты байланыста болғанбыз. Біз бүгін соның нәтижесін көріп отырмыз. Бұл университет бізге қос дипломды, бағдарлама бойынша кәсіпкерлікті шынайы дамыту мақсатында университетте кампустар жатақхана салу мәселесінде көтеріп отыр екі жақты".
Нью Ли ХОЛМОН, Аризона Мемлекеттік университетінің кеңесшісі: "Біз серіктес болғалы отырған университетке әуелі қос дипломды беру жобасын ұсынып отырмыз. Ғылымды бірлесіп дамыту бойынша да бағдарламамыз бар. Ортақ келісімге келсек, кампус, жатақхана саламыз деген жоспарымызды да айттық".