Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
10 қыркүйек, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Қазақстанда төтенше жағдайлар салдарынан 246 адам қайтыс болды

Қазақстанда төтенше жағдайлар салдарынан 246 адам қайтыс болды

Қазақстанда төтенше жағдайлар салдарынан 246 адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
 width= Қазақстанда жыл басынан бері төтенше жағдайлар салдарынан 246 адам ажал құшты. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
"Осы жылдың төтенше жағдайлар кезеңінде 246 адам көз жұмды. Олардың өліміне әртүрлі жағдай себеп болған. Былтыр жылу беру маусымы кезеңінде 222 адам мерт болған еді", - деді Ильин онлайн баспасөз мәслихатында.
Ол республика бойынша төтенше жағдайдан қаза болғандар мен зардап шеккендердің жалпы саны азайып жатқанын айтты. Дегенмен, кей өңірлерде – Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында төтенше жағдайлар саны артуда. Олардың дені өртпен байланысты. Мәселен, 2019-2020 жыл аралығында тұрғын үй секторында 5 мың өрт болған. Солтүстік Қазақстанда өрттен бір отбасының төрт мүшесі көз жұмды Жыл басынан бері 8900 төтенше жағдай тіркелді, оның 8 100-і – өрт. 10 мыңнан астам адамды құтқару жұмыстары жүргізіліп, 12 мыңнан астамы эвакуацияланған. Зардап шеккен 2 700 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.