Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумының форматы әлі анықталған жоқ. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚР президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Қараша айында президенттердің басшылығымен шекаралас өңірлер басшыларының аймақтық кездесуі өтеді. Пандемияға байланысты қандай форматта өтетіні белгісіз, бірақ өтуі тиіс. Жалпы ЕАЭО аясындағы интеграцияны дамыту бойынша біздің бағытымыз өз күшінде", – деді президент Қостанай облысының шаруаларымен кездесуінде.
Тоқаев өңірде жұмыс сапарымен жүр. Ол егіс алқаптарын аралап, астық жинау барысымен танысты. Диханшылар өндірісті сақтап қана қоймай, оның көлемін арттыра алды.
"Әр сөзін ой елегінен өткіздім": Тоқаев жолдауды өзі жазғанын айтты
"Қостанай облысының экономикасы жақсы дамып келеді деуге болады. Болашақта бұдан да жақсы болатынына сенемін. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Экономикамыз пандемия салдарынан болған сынаққа төзе алды. Биыл өнім жақсы екені көрініп тұр", – деді мемлекет басшысы.